Астанада коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істейді
Ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, екпіні 15-20 м/с болатын оңтүстік-батыс желінің күшеюіне, кей тұстарда 23 м/с болуына байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлады Elorda.info.
Қаланың коммуналдық қызметтері табиғи желдің салдарын жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Қатты желдің салдарынан №79 мектеп-лицейі қасбетінің бір бөлігі опырылып түсті. Залалдың болжамды көлемі – шамамен 120 ш.м. Қалпына келтіру жұмысы ауа райы тұрақталғаннан кейін басталады. Қауіпсіздік мақсатында учаске қоршалады, құлаған бөлігі шығарылады.
Ауа райына байланысты тұрғындар шұғыл қажеттілік болмаған жағдайда көшеге шықпағаны және үйде болғаны жөн.
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Егер көшеде жүргенде қатты желге тап болсаңыз, құтқарушылар жерасты өткелдерін немесе ғимараттардың кіреберістерін паналауды ұсынады, - делінген қала әкімдігінің ресми сайтында.
Үйлердің қабырғасының жанында қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шифер мен басқа да материалдар шатырдан құлауы мүмкін.