00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жабылады

Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жабылады
фото: gov.kz

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы мен Иманов-Республика қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elorda.info  Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 3-18 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылының Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскесінде (Дөңгелек алаңның үстіндегі көпір) көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Сондай-ақ, А. Иманов-Республика көшелерінің қиылысында асфальт жабынына жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Қиылыс 7-9 мамыры аралығында ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.