00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада күрес түрлерінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді

Астанада күрес түрлерінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді
Фото: ашық дереккөзден

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 9-14 сәуір аралығында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Чемпионаттың ресми ашылу салтанаты 9 сәуір сағат 17:00-дe болады.  Күн сайын күндізгі сессия сағат 11.00-де (алдын ала, жартылай финалдық және жұбаныш белдесулер), кешкі сессия 18.00-де (1-ші және 3-ші орындар үшін финалдық ойындар) басталады.

Азия чемпионатының бағдарламасы:

9 сәуір – грек-рим күресі – 55, 63, 77, 87 және 130 келіге дейінгі салмақ дәрежесі.

10 сәуір – грек-рим күресі – 60,67,72,82 және 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесі.

11 сәуір – әйелдер күресі – 50,55,59, 68 және 76 келіге дейінгі салмақ дәрежелері.

12 сәуір – әйелдер күресі – 53,57,62,65 және 72 келіге дейінгі салмақ дәрежелері.

13 сәуір – еркін күрес – 57,65,70,79 және 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесі.

14 сәуір – еркін күрес – 61, 74, 86, 92 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежелері.

Күрестің әр түрінен 10 медаль жиынтығы ойнатылады (барлығы 30 салмақ дәрежесі).

Алғаш рет Азия чемпионаты 1979 жылы тек еркін күрестен өтсе, екі жылдан кейін грек-рим күресінің балуандары Сары құрлықтағы мықтыларды анықтады. Әйелдер күресінен Азия чемпионаты 1996 жылдан бері өткізіліп келеді.

Қазақстан балуандары арасындағы тұңғыш Азия чемпионы – грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері Сергей Матвиенко. Қазақстанда соңғы рет ересектер арасындағы Азия чемпионаты 2021 жылы Алматыда ұйымдастырылды. Өткен жылы Моңғолияда өткен Азия чемпионатында грек-рим күресінен ел құрамасы командалық бірінші орынды жеңіп алса, еркін және әйелдер күресі командалары жалпыкомандалық есепте қола жүлдегер атанды.

2022 жылғы Азия чемпиондары – Мейіржан Шермағамбет, Әлімхан Сыздықов (грек-рим күресі), Азамат Дәулетбеков (еркін күрес), Мәдина және Жәмилә Бақбергеновалар (әйелдер күресі).

Азия чемпионатында төреші ретінде қызмет ететін Қазақстандық мамандар

  1. Бақытжан Жақсығұлов
  2. Игорь Лигай
  3. Ерік Жұмабеков
  4. Манарбек Буденов
  5. Ксения Дробина
  6. Берік Шалабаев

Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ 

55 келі - Аманғали Бекболатов (СҚО)

60 келі - Ернұр Фидахметов (ШҚО)

63 келі - Мұхамедәлі Мамырбек (Шымкент қаласы)

67 келі - Алмат Кебіспаев (Қарағанды облысы)

72 келі - Ибрагим Магомадов (Қарағанды облысы)

77 келі - Демеу Жадыраев (Алматы облысы)

82 келі - Диас Қален (Жетісу облысы)

87 келі - Нұрсұлтан Тұрсынов (Абай облысы)

97 келі - Олжас Сырлыбай (Қызылорда облысы)

130 келі - Әлімхан Сыздықов (Шымкент қаласы)

Бас бапкер - Серік Жұмашев 

ЕРКІН КҮРЕС 

57 келі - Рахат Қалжан (Жамбыл облысы)

61 келі - Нұрболат Әбдуалиев (Түркістан облысы)

65 келі - Мұхтар Санжар (Жамбыл облысы)

70 келі - Санжар Досжанов (Астана қаласы)

74 келі - Дархан Есенғали (Шымкент қаласы)

79 келі - Болат Сақаев (Атырау облысы)

86 келі - Азамат Дәулетбеков (ШҚО)

92 келі - Ризабек Айтмұхан (Алматы қаласы)

97 келі - Бекзат Үркімбай (Астана қаласы)

125 келі - Юсуп Батырмурзаев (Ақтөбе облысы)

Бас бапкер - Мадияр Құрамысов 

ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ 

50 келі - Эллада Махяддинова (Ақмола облысы)

53 келі - Алтын Шағаева (Алматы облысы)

55 келі - Марина Седнева (Алматы облысы)

57 келі - Нилуфар Раимова (Түркістан облысы)

59 келі - Диана Каюмова (Астана қаласы)

62 келі - Ирина Кузнецова (Ақмола облысы)

65 келі - Альбина Қайыргелдинова (Ақмола облысы)

68 келі - Елена Шалыгина (Шымкент қаласы)

72 келі - Жамила Бақбергенова (Астана қаласы)

76 келі - Эльмира Сыздықова (Қарағанды облысы)

Бас бапкер - Қайрат Сағадиев