Астанада күн сайын 800 тонна қалдық шығарылады
Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Астанадағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Брифингте «Clean City NC» ЖШС-нің Өндіріс бойынша басқарма басшысы Айбек Тұрсынбеков елорадада қатты қалдықтарды жинау мен шығару жұмыстары туралы мәлімет берді.
Clean City NC» ЖШС Астана қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және оларды шығару саласындағы ең ірі компаниялардың бірі. Қазіргі уақытта мекемеде 100-ге жуық арнайы техника,
16 мыңнан астам контейнер бар. Оның ішінде 4 мыңнан астам сары контейнер, қалғандары жасыл және металл. Күн сайын шамамен 750-800 тонна қалдық шығарады,-деп атап өтті спикер.
ҚРЭкологиялық кодексінің 321-бабына сәйкес, 2018 жылдан бастап Астанада «құрғақ»(қағаз, пластик, шыны, металл) және «дымқыл» (тамақ қалдықтары) екі фракция бойынша қалдықтарды бөлек жинау енгізілді. «Құрғақ» фракцияны жинау үшін пластикалық сары контейнерлер, ал «дымқыл» фракция үшін пластикалық жасыл және мырышталған металл контейнерлер қолданылады. Қоқыстарды сұрыптап салу қоқыс өңдеу зауытына қалдықтарды тиімдірек өңдеуге және қайта өңдеу деңгейін арттыруға көмектеседі.
Сары контейнерлерден ақ түсті қоқыс тасушы, ал жасыл және металл контейнерлерден қызғылт сары қоқыс тасушы шығарады.
Айбек Тұрсынбековтың айтуынша мекеме жұмыс барысында бірнеше кедергілергетап болуда. Соның бірі контейнерлерді өртеу. Бұл арнайы техникаларға зиян келтіріп қана қоймай, айналадағы адамдарға қауіп төндіретін қолайсыз жағдай.
Тағы бір күрделі мәселе кейбір жүргізушілер жеке автокөлік құралдарын контейнер алаңының алдына қояды. Бұл да жұмысқа қолайсыздық туғызады және контейнерлерге кіруді қиындатады. Кейбір адамдар ҚТҚ-ға жатпайтын құрылыс және басқа қалдықтарды контейнерлерге тастайды. Бұл контейнерлер мен арнайы техникалардың бұзылуына әкеп соғады,-деді компания өкілі.
Спикер көпшіліктен қоқыс қалдықтарын ғана контейнерге тастап, бөгде заттарды лақтырмауын өтініп, елордамыздың тазалығын бірге сақтауға шақырды.