Астанада «JOLTAP» жобасы аясында жаңа оқыту курсы басталды
«JOLTAP» ауқымды жобасы аясында елордада «Кілттерді дайындау және құлыптарды жөндеу» атты жаңа оқыту курсы басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Курс аясында аяқ киімді жөндеу және қалпына келтіру, кілттерді дайындау сервисі, аяқ киімді тазалау және құрғақ тазалау бағыттары бойынша оқыту бағдарламасы әзірленді.
Естеріңізге сала кетейік, елордада жүзеге асырылып жатқан «JOLTAP» ауқымды жобасының арқасында қала тұрғындары жұмыс тауып, қаржылық жағдайын жақсартып, жаңа мамандық ала алады. Жоба аясында 2 мыңнан астам жұмыссыз астаналық қысқа мерзімді тегін курстардан өтті.
«Joltap» модульдік нүктелерінің мекенжайлары:
- «Мечта» СҮ, Сығанақ көшесі, 3б;
- «Asia Park» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21а;
- «Рахмет» СҮ, Н.Тілендиев даңғылы, 15 және Б.Момышұлы даңғылы;
- «Встреча» СҮ, Абылай хан даңғылы, 31а;
- «Тұлпар» СҮ, Ш.Уәлиханов көшесі, 24в;
- «Euromall» СО, Қосшығұлұлы көшесі, 23;
- «Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34б;
- «Ailand» СОО, Қорғалжын тасжолы, 2/1а;
- «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, Бейбітшілік көшесі, 14;
- Еңбек ұтқырлығы орталығы, Бейбітшілік көшесі, 9;
- «Алматы» ІҮ, Иманов көшесі, 19;
- «Әлем» СО, Бөгенбай батыр даңғылы, 62.