Астанада ірі көлемде берешегі бар жүргізушілер анықталды

Бүгін, 13:53
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада ірі көлемде берешегі бар жүргізушілер анықталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астаналық полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында құқық бұзушылықтарды анықтап, жеке сот орындаушыларының қаулылары негізінде бірқатар шаралар қабылдауда, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қаланың орталық көшелерінің бірінде тоқтатылған Audi маркалы автокөліктің жүргізушісінің мемлекетке 400 мың теңге көлемінде төленбеген әкімшілік айыппұлы бары белгілі болды.

«Toyota Camry маркалы автокөлік те тоқтатылып, тексеру нәтижесінде оның иесінің 8 миллион теңгеден астам берешегі бары анықталды. Аталған борышқа байланысты жеке сот орындаушысының қаулысымен көлік құралын айыптұраққа орналастыру туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Аталған екі автокөлік те заңнама талаптарына сәйкес айыптұраққа қойылды.

Астана қалалық Полиция департаменті азаматтарға қаржылық және құқықтық міндеттемелерді уақытылы орындаудың маңыздылығын еске салады. Айыппұлдар мен берешектерді өтеуден жалтару көлікке шектеу қоюға, тіпті оны айыптұраққа қоюға себеп болуы мүмкін.