Астанада халықаралық йога күні аталып өтті (ФОТО)
Бүгін «Астана Балет» театры алдында 9-шы Халықаралық йога күні аталып өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара Үндістанның Астанадағы елшілігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, «Астана Балет» театры және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Оған Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев, Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, Астана қаласы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермеғали Корбозов, Үндістан елшісі Шубхдаршини Трипати ханым және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Елші Шубхдаршини Трипати құттықтау сөзінде Үндістан Қазақстанды біздің екіжақты қарым-қатынастың барлық салаларында маңызды серіктес екендігін атап өтті.
Йога адамға тыныштық пен бақыт сыйлайды. Осындай іс-шараны өткізуге қолдау білдірген Мәдениет және спорт министрлігіне, Астана Балет театрына, Астана қаласының әкімдігіне және Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда мәдени орталығына алғысымды білдіремін, - деді Үндістан елшісі Шубхдаршини Трипати.
Ал Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Қазақстан мен Үндістан арасындағы достық байланыс жылдан жылға нығайып келе жатқанын жеткізді.