00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада фитнес-орталық клиенттеріне 5,3 млн теңге қайтарылды

11 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астанада фитнес-орталық клиенттеріне 5,3 млн теңге қайтарылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің көмегімен жыл басынан бері көрсетілмеген қызметтер мен тауарлар үшін 777,1 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды, деп хабарлады Elorda.info.

Комитет мамандары 10 мыңнан аса тұтынушының құқығын қорғаған.

Астана қаласының тұрғыны пәтер сатып алып, суық үй-жай мен сапасыз жөндеу мәселелеріне тап болды. Аталған себепке байланысты ол елордалық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласып, ол сотқа дейінгі шағым жасау бойынша құқықтық көмек пен кеңес алды. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде тұтынушыға 33 млн теңгеге тең ақшалай қаражаттың толық көлемі қайтарылды.

«Еліміздің басқа да аймақтарында тұтынушыларға қомақты қаржы қайтарылды. Атап айтқанда, Алматыда 7 тұтынушыға жалпы сомасы 122,1 млн теңге,  Ақтөбе облысында көрсетілмеген туристік қызметтер үшін қаражатты қайтармау туралы өтініштер бойынша және сот процестерінің нәтижесінде 34 тұтынушыға 60,4 млн теңге қайтарылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Астанада фитнес-орталықтың ұсынылмаған қызметі үшін 28 тұтынушыға 5,3 млн теңге қайтарылды.