Астанада «Еңбек жолы» конкурсы бастау алды

6 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада «Еңбек жолы» конкурсы бастау алды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын дамыту мақсатында «Еңбек жолы» конкурсы бастау алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады;

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады;

3) «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жүргізіледі. Конкурс жөнінде толық ақпаратты 55-68-11, 55-68-05 (Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы) телефондары арқылы алуға болады. Электронды пошта: b.kasymov@astana.kz.