00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары анықталды

1 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары анықталды
ашық дереккөз

Астанада «Еңбек жолы» қалалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Конкурс қорытындысы бойынша «Үздік еңбек әулеті» номинациясында бірінші орынды «ҚТЖ» ҰК» АҚ Амангелдиновтер әулеті иеленді, еңбек әулетінің темір жол көлігі саласындағы жалпы жұмыс өтілі – 797 жыл.

«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында бірінші орынды «Астана-РЭК» АҚ II санатты инженер Айнұр Байбатырова иеленді.

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында Астана қаласы әкімдігінің «№38 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК тарих пәнінің мұғалімі Гүлзия Иманбаева жеңіске жетті.

Қалалық кезеңінің жеңімпаздары «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңінде елорданың атынан шығады.