00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «Еңбек жолы» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

15 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада «Еңбек жолы» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
ашық дереккөз

Астанада «Еңбек жолы» байқауына өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

Кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері конкурсқа қатыса алады. Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп санды әулет таңдалады.

2) «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурс 2 кезеңде өтеді:

- Облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын іріктеу;

- Республикалық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын іріктеу.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б., 1 минуттан компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;

6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.

Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):

- мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;

- біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Өтінімдерді қабылдау 15 шілдеге дейін жүргізіледі.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты 55-68-90, 8-700-399-66-53 («Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ) телефоны арқылы алуға болады. 

Мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9 үй, 3-қабат, 326 кеңсе, еңбек қатынастарын бақылау бөлімі, эл.пошта: d.nasyrova@astana.kz.