Елордада инвестиция есебінен 5 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны ашылды
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды іске асыру туралы «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Арсен Меңдіғазиев брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгінгі таңда елордада қолданбалы екі Арнайы экономикалық аймақ бар. «Астана – жаңа қала» 2027 жылға дейін, «Астана-Технополис» 2042 жылға дейін жұмыс істейді. Бұл АЭА-терді басқару компаниясы «Астана Инвест» ЖШС-і тарапынан анықталған.
«Астана – жаңа қала» АЭА аумақтың құрамына әкімшілік-іскерлік орталық пен №1 Индустриялық парк кіреді. Бүгінгі таңда №1 ЖК өнеркәсіптік объектілерінің инвестициялық портфелі 97 жобаны құрайды. 247,08 млрд теңге сомасына 50 нысан пайдалануға беріліп, 5 213 тұрақты жұмыс орны құрылды. Жалпы құны бойынша 15,72 млрд теңге болатын 47 нысан іске асыру сатысында тұр.
Былтыр «Астана – жаңа қала» АЭА және «Астана Технополис» АЭА аумағында 6 нысан пайдалануға берілді. 2023 жылы 0,2 млрд теңге сомасына 7 жұмыс орнын қаматамасыз ететін 1 жоба іске қосылды. Биыл 501-ден астам жұмыс орнын құрумен 15,7 млрд теңге сомасына 10 нысанды іске қосу жоспарлануда.
«Астана - Технополис» арнайы экономикалық аймағында 23,3 млрд теңге сомасына 200 тұрақты жұмыс орнын құрумен 5 жоба жұмыс істейді. Ол IT саласындағы жобалар NURIS технопаркінің аумағында орналасқан. Олардың қатарында 109-қызмет, 112-қызмет, іQala, ЕРДИС жүйесі қосымшаларын әзірлеу, «EGISTIC – Жерді қашықтықтан зондтау технологиялары бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын мониторингілеуге және басқаруға арналған онлайн платформасы», ДНҚ зертханасы, «ATM Construction & investment» өндірістік база құрылысы, коронарлық стент-жүйені шығару бар, - деді А.Меңдіғазиев.
Биылдан бастап ТП резиденттерінің саны 21 компанияны құрайды, оның ішінде 13 резидент «Астана-Технополис» АЭА қатысушылары.