Астанада демалыс күндері 9 мас жүргізуші анықталды
Апаттылықты азайту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында елордалық полиция жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жандандырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Патрульдік полицияның мамандандырылған батальоны инспекторлары Сарайшық көшесі мен Тұран даңғылы қиылысында елорданың 34 жастағы тұрғыны басқарған «Hyundai Accent» маркалы автокөлікті тоқтатты.
Белгілі болғандай, әйел Мұхамедханов көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында «Hyundai PALISADE» маркалы автокөлігімен соқтығысып, оқиға орынынан қашып кеткен. Полицейлер құқық бұзушыны тоқтату барысында алкогольдің өткір иісі шыққанын байқаған. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жүргізушіде жеңіл дәрежедегі мас болу анықталды.
Жүргізуші 2020 жылы 7 жыл мерзімге автокөлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Алайда ол өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, қайтадан мас күйінде көлікке отырған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігі бойынша «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.