Астанада демалыс күндері 33 мас жүргізуші анықталды
Астанада «Мас жүргізуші – қылмыскер!» жедел алдын алу іс-шарасы аясында рейдтік іс-шаралар жүргізілді, деп хабарлады Elorda.info.
Демалыс күндері жергілікті рейдтік іс-шаралар барысында 33 жүргізуші анықталып, медициналық куәландыру жүргізу үшін Астана қаласының наркология және психотерапия орталығына жеткізілді. Оның ішінде көлік басқару құқығынан айырылған, мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша 3 жүргізуші жауапқа тартылды.
Коммуналдық тұраққа 33 автомашина қойылды.
Рейд барысында Қабанбай батыр даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында 36 жастағы жүргізуші басқарған Toyota Camry-45 автокөлігі тоқтатылды. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жүргізушінің “орташа” ауырлықтағы алкогольдік масаң күйде екендігі анықталды. Белгілі болғандай, ол былтыр 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған. Жүргізуші Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Астана қаласының Полиция департаменті жүргізушілердің заңсыз әрекеттеріне, оның ішінде мас күйінде көлік басқарғанына куә болған азаматтардан, полицияға “102” арнасына хабарласуды сұрайды.