00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр

2 желтоқсан, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Астанада бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр
Фото: Elordainfo/ Дильназ Бауыржанқызы

Елордада ғимараттардың қасбетінде сыртқы ақпаратты орналастыру үшін кешенді шешімдер әзірленеді, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» КММ әзірлейтін шешімдері жылжымайтын мүлік нысанының сыртқы параметрлерін, сәулеттік-техникалық шешімдерді көрсетіп, қасбеттегі сыртқы ақпараттың қала көркіне үйлесімді болуын және жалпы келбетін бұзбауын қамтамасыз етеді.

Мекеме 2024 жылдың 10 айында 73 тұжырымдама әзірледі, оның ішінде 24 ғимарат бойынша кешенді шешімдер іске асырылды, ал 49 ғимаратта шешімдер жүзеге асырылу үстінде. Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында мекеме кәсіпкерлік субъектілеріне қасбеттерін тиісті эстетикалық жағдайға келтіруге көмек көрсетеді.

2024 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша 533 ғимараттың қасбеттері 5 300-ден астам сыртқы ақпарат элементтерін алып тастау арқылы тиісті эстетикалық жағдайға келтірілді.

Астана қаласының бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетін қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Әзірленген кешенді шешімдердің санын 90-ға жеткізіп, қосымша 36 ғимаратта кешенді шешімдерді іске асыру жоспарлануда.

Бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетті қалыптастыру қаланың визуалды көрінісін жақсартуға, оның мәдени және сәулеттік мұрасын сақтауға, сондай-ақ Астана тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы қалалық орта құруға бағытталған.