00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада бірнеше жол учаскесі жабылады

22 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада бірнеше жол учаскесі жабылады
Фото: ҚазАқпарат

Тұран даңғылының учаскелері мен Шұғыла көшесінің учаскелері жабылады, деп хабарлады Elorda.info.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Тұран даңғылына орташа жөндеу жүргізеді, - делінген хабарламада.

Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 21 маусымы сағат 21:00-ден 22 маусым сағат 12:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Қорғалжын тасжолының қиылысында көлік қозғалысы шектелетін болады.

Ал 22 маусымда сағат 21:00-ден 23 маусым күні сағат 12:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет екені айтылған.