Астанада бір кеште айлық мөлшердегі жауын жауды
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша кеше Астанада айлық норма жауын-шашын жауды. Жауын-шашынға байланысты 100-ден астам техника жұмылдырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Осылайша, айлық норма 31 мм болса, кеше 42 мм жауын-шашын жауды.
Су басқан негізгі учаскелердің бірі – Ұлы Дала даңғылы. Мұнда тазарту қондырғылары салынуда, жоба әлі аяқталған жоқ.
Нөсерлі кәріз желілері мен тазарту құрылысын салу мәселесі қала әкімдігінің бақылауында.
Бұған дейін 200-ден астам проблемалы учаскеде су тасқыны мәселесі шешілді.
Биыл жер үсті ағындарын бұру үшін 2,5 шақырым магистральдық нөсерлі кәріз желілерін салу жоспарланып отыр.
«Elorda eco system» ұйымымен жер үсті ағындарын бұруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде тиісті іс-шаралар жүргізілуде: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды тазарту, құбырларды буландыру, су шығару, нөсерлі кәріз жүйелерін және тазартуға арналған құрылыс жұмыстарын жүргізу және т.б.