00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астанада бидай мен бұршақты қайта өңдеу зауыты салынады

27 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада бидай мен бұршақты қайта өңдеу зауыты салынады
фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласы әкімдігі мен Tiryaki Agro түрік компаниясы арасында елордада бидай мен бұршақты терең өңдеу зауытын салу жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлады Elorda.info

Tiryaki Agro - ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге маманданған табысты түрік компаниясы. 1965 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан компания қызметі тамақ өнеркәсібі саласындағы инновациялық шешімдерді құруға және бүкіл әлем елдерінде ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған. Қазіргі уақытта компания Қазақстанда және Орталық Азияның басқа аймақтарында өз қызметін белсенді түрде кеңейтіп келеді.

 

Компанияның бас директоры Сүлеймен Терьяки мен Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев аталған меморандумға қол қою барысында бұл жобаның екі жаққа да тиімділігін атап өтті.

Бұл ірі инвестициялық жоба Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешенде ет, сүт және астықты терең өңдеу, өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын дамыту жөніндегі басым бағыттары бар нақты серпіліс қажеттілігі туралы қойған міндеттерін орындау шеңберінде жүзеге асырылуда. Келісімшартқа сәйкес 2025 жылға қарай елордада бидай мен бұршақты терең өңдеу зауыты іске қосылады. Зауыттың жылына 240 мың тоннаға дейін бидай, сондай-ақ 100 мың тоннаға дейін бұршақ өңдеу мүмкіндігі бар. Өнімдерінің жартысынан көбі экспортқа бағытталады деп жоспарланып отыр. Осы жобаның арқасында ауылшаруашылығы саласында әрі қарай терең өңдеуге мүмкіндік артады, шетелден инвестииция тартылады, жаңадан жұмыс орындары ашылады, - деді елорда әкімінің орынбасары Е. Бекмұрзаев.

 

Астана қаласы әкімдігі елордаға шикізат секторын ғана емес, аграрлық аймақты қоса алғанда, түрлі салаларға шетелдік инвесторларды тарту ісін  жалғастыруда.   

Статистикаға сүйенсек, осы жылы қаңтар-тамыз айлары аралығында Астанада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 784,6 млрд. теңгені құраған.  Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ға артық. 2022 жылы 47 инвестициялық келісімшарт жасалып, 2023 жылдан бастап жалпы сомасы 115,2 миллиард теңгеге 26 келісу хаты берілді. Биыл 23,7 миллиард теңге сомасына 6 инвестициялық келісімшарт жасалды. 2023 жылы 1,7 мың жұмыс орнын аша отырып жалпы сомасы 55,9 миллиард теңгеге 25 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Осы жылы 25 миллиард теңгеге 8 жоба іске қосылып, соның шеңберінде 700 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін 1 мың жұмыс орнын ашып, жалпы сомасы 30,9 миллиард теңгеге 17 инвестициялық жобаны іске қосу көзделуде.

Райхан Рахметова