Астанада балаларды қорғау күнінде 10 жаңа аула ашылды

1 маусым, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада балаларды қорғау күнінде 10 жаңа аула ашылды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Бүгін елордалық «Байқоңыр» ауданында қос қуаныш: Балаларды қорғау күніне орай 10 жаңа аула ашылып, тұрғындар мен балалар үшін аула мерекелері ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жаңа аулаларда ойын және спорт алаңдары, демалыс аймақтары орнатылып, балалардың қауіпсіз әрі қызықты уақыт өткізуіне жағдай жасалды.

Аулалар келесі мекенжайлар бойынша ашылды: Сейфуллин көшесі, 41; Бейсекбаев көшесі, 14; Сембинов көшесі, 21; Ғабдуллин көшесі, 1; Торайғыров көшесі, 3; Уәлиханов көшесі, 3; Рахымов көшесі, 91; Шонанұлы көшесі, 39 және 41; Жұбанов көшесі, 3; Торайғыров көшесі, 1.

Аулалардың салтанатты ашылуына орай өткен аула мерекелерінде балалар мен ата-аналарға арналған ойындар мен іс-шаралар ұйымдастырылды.

Тұрғындар игі бастамаға ризашылықтарын білдіріп, аулаларына дастархан жайды.

Айта кетейік, биыл «Байқоңыр» ауданында 88 аула абаттандырылады. Оның 18-і кешенді абаттандырылса, 70-інде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар кешенді абаттандырылатын 18 ауланың 12-сі «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асырылады.