00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада бүгін балаларды спорттық үйірмелерге қабылдау басталады

27 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада бүгін балаларды спорттық үйірмелерге қабылдау басталады
Фото: дереккөзден

Бүгін Астанада балаларды спорттық үйірмелерге қабылдау басталады, деп хабарлады Elorda info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру аясында Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы бүгін сағат 20.00-ден бастап балаларды спорттық үйірмелерге қабылдайды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша үнемделген қаражатты пайдалана отырып, орындарды бөлу және ваучерлер (4500 ваучер) беру 2023 жылғы 28 қарашада сағат 18.00-де жүзеге асырылатын болады.