Астанада қазір су мәселесі жоқ – Жеңіс Қасымбек
30 маусым, 2023
Елорда ақпарат
коллаж Elorda.info
Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Өздеріңіз білетіндей, осы айдың басында қала тұрғындары үшін суға қатысты оңай жағдай болған жоқ. Қала тұрғындарының саны күн сайын өсіп жатыр. Негізі тәулігіне 25 куб су жетіспеген еді. Қазір су мәселесі жоқ. Кеше су стансасының бірінші кезеңі іске қосылды. Ол 35 куб су береді. Екінші кезеңі тамызда аяқталады, ол 70 куб метр су береді. Одан бөлек екі жоба бойынша құжат дайындап отырмыз. Алдағы жылдары тағы 2 су беретін станса салынады, - деді Жеңіс Қасымбек.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
Ұқсас жаңалықтар