00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетілді

22 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетілді
Фото: дереккөз

Астана қаласы Сарыарқа ауданында «Мектепке жол-2023» республикалық жыл сайынғы акциясы басталды, деп хабарлады Elorda.info

Жаңа оқу жылы басталар алдында аз қамтылған отбасылардың балаларына мектеп керек-жарақтары бар сөмкелер табысталды.

Жыл сайын өткізілетін іс-шара жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Акцияға еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да жанашыр азаматтар қатыса алады.

Айта кетейік, Сарыарқа ауданында 34 жалпы білім беретін мектеп және 2 арнайы (түзету) мектеп-интернаты бар. Биыл аудан бойынша акция аясында 1000-ға жуық балаға оқу-құралдары табысталады. 

«Мектепке жол» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.