00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада аялдамаларды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр

29 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада аялдамаларды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша санитарлық күтім үшін екі ауысымда аялдамаларды қоқыс пен кірден тазартатын бригадалар жұмыс істейді, деп хабарлады Elorda.info.

Күн сайын 50-ге жуық кешен тазаланады. Санитарлық тазалау екі кезеңге бөлінген: механикаландырылған тазалау (қоқысты шығару, сыпыру) және дымқылды тазалау (барлығын сумен жуу).

Айта кетейік, аялдамалардың жағдайына сын болса, тұрғындар iKomek-ке, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік желілеріне хабарласып, Сарыарқа ауданы телеграм-чатына жаза алады.