00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «Аvtobys» қосымшасы арқылы бақыланатын бағыт саны артты

6 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада «Аvtobys» қосымшасы арқылы бақыланатын бағыт саны артты
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астананың қоғамдық көлігінде жол ақысын төлеудің жаңа электрондық жүйесін енгізу жалғасып жатыр, деп хабарлады Elorda.info

 

Электронды жол ақысын төлеу және диспетчерлеу жүйесі жаңартылған автобустар дайын болуына қарай жолаушыларды тасымалдау үшін жолдарға шығарылуда. 

Оған дейін жаңа автобустар №3, 15, 32, 54, 61-ші бағдарға қосылған болса, енді №5, 5А, 8, 26, 45-ші бағытқа қосылды, - делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.

Айта кететіні бұл бағдарлар аялдамалардағы ақпараттық таблода және қолданыстағы автобустарды бақылайтын мобильді қосымшаларда көру әзірге қолжетімсіз. 

Нақты олардың орналасқан жері туралы ақпаратты «Аvtobys» мобильді қосымшасынан алуға болады. Ол App Store, Google Play, AppGallery жүктелінген.

Жүйе толық енгізілгеннен кейін барлық сервистер бұрынғыдай жұмыс істейді. Жаңа жүйеге толық көшу мерзімі – 2023 жылдың соңы.