Астанада автобус картасының төлемін белсендіру мерзімі ұзартылды
1 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
коллаж Elorda.info
Көлік картасының теңгерімін толтырғаннан кейін немесе таңдалған тарифті сатып алғаннан кейін төлем белсендіруді қажет етеді.
Төлемді белсендіру үшін көліктік картаны автобустағы планшетке қойып, 2-3 секунд ұстап тұру керек.
Төлемді белсендіру кезінде бір мезгілде жол ақысын алу жүргізіледі. Төлемдерді іске қосу кезінде осы ақпаратты ескерген жөн, - деді CTS компаниясының баспасөз қызметі.
30 күнде белсендіріп үлгермеген жағдайда, төлем жүйемен бұғатталады. Оны қайта іске қосу үшін Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы CTS Орталық кассасына бару керек немесе iKomek бірыңғай байланыс орталығына, 109 нөміріне хабарласуға болады.
Ұқсас жаңалықтар