00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада ауыл оқушылары туралы телехикаяның тұсаукесері өтті

Астанада ауыл оқушылары туралы телехикаяның тұсаукесері өтті
Фото: Elordainfo.kz

Елордада «Каникулы OFF-Line» танымал франшизасы иелерінің жаңа жобасы – «IQanat OFF-Line» телехикаясының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Хикая Қазақстанның үздік мектептерінің бірі – IQanat-қа оқуға түскен ауыл баласының өмірін суреттейді. Оқиға сюжеті оның мамандық таңдау туралы шешімінің айналасында құрылған, бұл ауыл балалары үшін білім алу мүмкіндігінің маңызын айшықтайды.

Астанадағы  Қазақ ұлттық өнер университет-колледжінің 3 курс студенті Саят Атабай басты рөлді сомдады. 

«Мен үшін түсірілім барысы өте қызықты өтті. Актерлік құрам өте жақсы таңдалған. Түсірілім барысында әсіресе ауа райына байланысты аздаған қиындықтар болды. Таңғы сағат 7-лерде орманда бір түсірілім жоспарланды. Болжам бойынша ауа райы жылы болуы керек еді. Алайда кенеттен күн салқындап кетті. Соған қарамастан түсірілім жұмыстары жалғасты», - деп пікірімен бөлісті 17 жастағы Саят Атабай.

Бір айта кетерлігі, сериалға  кәсіби актерлер емес, балалар түскен.  Көрермен Бурабайдағы  iQanat мектебінің оқушыларының күнделікті өмірін тамашалайды. Телехикая 16 сериядан тұрады. Әр серияның ұзақтығы – 25 минут. Сериалды көпшілік «QAZAQSTAN» телеарнасы арқылы көре алады.

Ал телехикаяның режиссері –  «Айман және Шолпан», «Аңшы бала», «Посмотри мне в глаза» және Пусан кинофестивалінің Гран-приін жеңіп алған «Жаңғақ ағашы» арқылы танымал Ерлан Нұрмұхамбетов.