00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада арнайы техникалардың қысқа дайындығы тексерілді

Астанада арнайы техникалардың қысқа дайындығы тексерілді
Фото: Байқоңыр ауданы әкімдігінен

Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Ришат Тұрдыбеков қысқы мезгілге арнайы техникалардың дайындық жұмыстарын пысықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Қысқы кезеңде аудан бойынша қаржинауға әр ауысымда орта есеппен 160 арнайы техника жұмылдырылатын болады.

Оның ішінде: 5 күреу техникасы, 11 грейдер, 56 камаз, 21 сыпырғыш (ПМ), 6 құм таратқыш (ПР), 15 МТЗ, 8 МКСМ, 18 алдыңғы тиегіштер және 360-тан астам жол жұмысшылары. Сондай-ақ, орамішілік аумақты тазалау үшін – 15 камаз, 10 фронтальды тиегіштер, 5 МТЗ жұмылдырылады.

1a461af1-096f-45ce-8b89-972eeb67df12.jpg

Алдағы қысқы кезеңде пайдаланылатын арнайы техниканың дайындығын тексерген Р.Тұрдыбеков өндірістік базадағы қар тазалайтын және басқа дамамандандырылған техникалардың саны мен сапасы және қосымша дайындығы бойынша мердігер ұйым басшылары мен жауапты мамандарға бірқатар тапсырма берді.