Астанада Алматы көшесінің бір бөлігі жартылай жабылды
13 сәуір, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
Астананың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Алматы көшесін орташа жөндеу жұмысын бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты осы жылдың 13-25 сәуір аралығында аталмыш учаскедегі қозғалыс ішінара жабылды. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды.
Ұқсас жаңалықтар

14 шілде, 2025
Қосшыдағы полиция бөлімінде «Тергеушінің көмекшісі» пилоттық жобасы іске қосылды

14 шілде, 2025
Comic Con Astana-2025 фестиваліне 120 мыңнан астам адам қатысты

14 шілде, 2025
Астанада 2026 жылы «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі өтеді

14 шілде, 2025
JOLTAP шабыт пен қолдау сыйлайтын орта – жобаға қатысушы