00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада алдағы үш жылда 65 мектеп салынады

29 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада алдағы үш жылда 65 мектеп салынады
фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Мектеп мәселесі үлкен қалаларда, оның ішінде біздің қаламызда өзекті болып қала береді. Мәселен мамыр айында шамамен 8-9 мың оқушы мектеп бітірсе, бірінші сыныпқа 28-29 мың оқушы барады. Кейбір мектепте оқу орындарының тапшылығына байланысты үзіліс немесе ауысулар кезінде дәліздерде жүрудің өзі қиындайды. Мектеп әкімшілігі қала басқармасымен бірлесіп, осы мәселелерді шешу үшін бар күшін салуда.Оқушы орындарын көбірек құру үшін мектептер мен өзге де әлеуметтік нысандарды көптеп саламыз. Қазір дайындық жұмысын жүргізіп жатырмыз, оның ішінде жер телімдері де бар, - деді әкім.

Оның айтуынша елордада  «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында да жаңа мектептер бой көтереді.  

 2023 жылдан 2026 жылға дейін 65 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Бұл 180 мыңға жуық оқушы орнын құруға мүмкіндік береді, бұл қазіргі тапшылық мәселесін толығымен шешіп, келер жылдарға қиындықтың алдын алады.Мәселен биыл 16 мың 600 орынға арналған 11 мектепті қолданысқа береміз, оның 4-еуі қазірдің өзінде жұмыс істейді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024-2025 жылдар аралығында 90 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 24 мектеп салынады. Олардың 15-і Есіл мен Нұра аудандарында орналасатын болады.Қаланың барлық ауданында оқушы орнының қажеттілігін ескере отырып, оқу орындарын салып жатырмыз, - деді Жеңіс Қасымбек.