00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада алаяқтықтың алдын алу мәселесі талқыланды

23 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада алаяқтықтың алдын алу мәселесі талқыланды

Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының бастамасымен Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ келушілерімен кездесу өтті, деп хабарлады Elorda.info

Аталған кездесуде «Интернет – алаяқтықтың алдын алу және жолын кесу» тақырыбындағы мәселелер талқыланды. 

Сондай-ақ, зейнеткерлік жастағы адамдарға мұндай жағдай туындаған кезде әрекет ету алгоритмі түсіндірілді. 

Бұдан бөлек, Байқоңыр ауданы әкімінің кеңесшісі білікті заң көмегін талап ететін азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын мәселелер бойынша кездесуге қатысушыларға консультативтік-құқықтық көмек көрсетті.