Астанада қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді


Астанада 24-25 мамыр күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жәрмеңкеде елдің түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосаптар мен басқа да көптеген өнімдерді тиімді бағамен сатып ала алады.
Іс-шара 24 және 25 мамыр күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Көктал» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кету керек, елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешенінің қарсысында) тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Ол күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін ашық.
Жұрттың ыңғайлылығы үшін жәрмеңке маңында №2, 32, 49, 50, 73 автобус бағыттары жүреді, бұл іс-шара өтетін орынға тез жету үшін ұйымдастырылды.