00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «Якутия қазынасы» атты көрме ашылды

19 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада «Якутия қазынасы» атты көрме ашылды
Фото: ҚР Ұлттық музейі

Саха Республикасының мәдени күндері аясында ҚР Ұлттық музейінде «Якутия қазынасы» көрмесі ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Көрме «Саха Республикасының кестеленген картасы», «Еуразия халықтарының мәдениетіндегі жылқы культі», «Якутияның қазына қоры» және «Якутияның ұсталық өнері» атты төрт бөлімнен тұрады.

Көрмеге келушілер Якутияның сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің эксклюзивті авторлық жұмыстарын тамашалай алады және асыл тастармен көмкерілген сирек материалдардан жасалған дәстүрлі пышақтардың алуан түрлерімен таныса алады.

Экспозициядағы басты экспонат – «Гауһар тастардың жарқырауы» деп аталатын күміс табаққа 2000 мыңнан астам гауһар тастың шашыранды кендері салынған композиция.

Көрме 1 мамырға дейін жалғасады.

Қазақстанда Саха Республикасының мәдени күндеріне арналған іс-шаралар Астана мен Алматы қалаларында өтеді.

Атап айтсақ, Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік ұлттық қазақ музыкалық драма театрының Камералық залында «Якутия виртуоздары» скрипкашылар ансамблінің концерті, «Ньургун Боотур» Олонхо операсы, М.Горький атындағы орыс драма театрының залында «Кыыс Дэбилийэ» Олонхо спектаклі өтеді.