Астанада «Айбынды ардагерлер» акциясы өтті
Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының үрмелі оркестрінің әртістері мен елорда жастары Red bus экскурсиялық автобусымен қала көшелерімен жүріп өтіп, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгін астаналық жастар қос ардагер – Жақан Сейсебаев пен Владимир Дровосековты құттықтады.
Екінші күні ардагерлерді құттықтаудамыз, кеше бес ардагерге барсақ, бүгін екі үйге бардық. Меніңше, жастар батырларды тірі кезінде құрметтеп, оларға мүмкіндігінше көп көңіл бөлу керек. Солардың арқасында біз бейбіт аспан астында өмір сүріп жүрміз. Жастар осындай іс-шараларға қатысуға қуана-қуана келіседі, - деді «Астана жастары» КММ өкілі Айсұлу Қайыр.
Соғыс ардагерлері үйлерінің алдында оркестр әртістері әскери-патриоттық әндер орындады. «Жеңіс күні», «Смуглянка», «Бізге бір жеңіс керек» және басқа да танымал композициялар шырқалды.
Бұл ардагерлер үшін ғана емес, елорданың барлық тұрғындары үшін мерекелік сыйлық болды.
Мен оркестрде төрт жылдан бері жұмыс істеймін, ардагерлерді үнемі құттықтаймыз. Бұл жақсы дәстүрге айналған. Мен ардагерлерге тек мереке күндері ғана емес, жыл бойы қамқорлық жасағым келеді, - дейді Үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі Аслан Байкетаев.
Айта кетейік, акцияны ұйымдастырушылар Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма, «Астана жастары» КММ және Мемлекеттік академиялық филармония.
Екатерина ЗУНЗЯК