00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «Ақтаңгер» спорттық ат клубы ашылды

Астанада «Ақтаңгер» спорттық ат клубы ашылды
Фото: Е.Каналимовтың Facebook парақшасынан

«Интернациональный» тұрғын алабының аумағында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультеті базасында «Ақтаңгер» спорттық ат клубы салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Енді университет студенттері тек теорияны меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар заманауи ветеринария саласы мен ұлттық дәстүрлерді қайта жаңғырту үшін маңызды болып табылатын ат спортының дағдыларын тәжірибе жүзінде игере алады.

«Ат спорты бойынша жаңа білім беру бағдарламасы жетекші мамандармен бірлесіп әзірленіп, ұлттық құрама үшін кадрлық резервті құрудағы алғашқы қадам болмақ. Факультеттің 102 маманнан тұратын профессорлық-оқытушылық құрамы, оның ішінде 79 ғылыми дәрежесі бар ғалымдар осы бастаманы жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратын болады», - деп жазды Е.Каналимов.