00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада 9 айда негізгі капиталға 959,2 млрд теңге инвестиция салынды

2 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада 9 айда негізгі капиталға 959,2 млрд теңге инвестиция салынды
Фото: Астана қаласы Коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен  Астана қаласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру механизмі туралы брифингте Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары  Темірлан Келдібаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Астана инвесторларды тарта  отырып, барынша қызықтыра алатын елдің маңызды экономикалық орталығы болып табылады.

Спикердің айтуынша, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының міндеттерінің бірі-қолайлы инвестициялық орта және тұрақты экономикалық өсуді қаматамасыз ету. 

Ағымдағы жылдың 9 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5,3% - ға өсіп, 959,2 млрд. теңгеге жетті. Астана тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар және шикізаттық емес сектор бойынша 2 орын, сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі бойынша 3 орында тұр.Тікелей шетелдік инвестицияларға қатысты ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша  тартылған инвестиция көлемі 3793,7 млн. АҚШ доллар. 2023 жылға арналған жоспар 1 091 млн. АҚШ доллары.

Инвестициялық жобаларды табысты іске асыру және кәсіпкерлікті қолдау үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін және жобаларды сүйемелдеуді жүргізетін «Астана даму орталығы» фронт-офисі жұмыс істейді.  

«Astana Invest» мамандары да жәрдем көрсетеді - бұл елорданың арнайы экономикалық аймақтарының басқарушы компаниясы, сондай-ақ қызметі инвесторлармен бірлесіп жобаларды іске асыруға бағытталған «Astana» ӘКК» АҚ. Инвестициялық келісімшарт механизмі жер учаскелерін беру, кедендік баждар мен салықтардан босату және шетелдік жұмыс күшін тарту мүмкіндігі сияқты бірқатар жеңілдіктерді қарастырады. 

 Қолдаудың тағы бір нысаны - «Астана қаласындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» заңнамаға сәйкес берілетін АЭА жеңілдіктері. Олар «Астана - жаңа қала» және «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймақтарының қатысушыларына беріледі. Бұл артықшылықтар инвесторларға жер учаскелерін, кейбір салықтар мен кедендік баждардан босатуды және шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартудың жеңілдетілген тәртібін ұсынады. Саябақ аумағында «Тау-кен Алтын» ЖШС, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, «ПИК «Astana ЮТАРИЯ LTD» ЖШС, «ModeX Astana» ЖШС және басқа да ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.  

«Астана даму орталығы» және «Astana Invest» фронт-офистері жоғарыда көрсетілген қолдау шараларын өтеусіз алуда жан-жақты көмек көрсетеді. Елорда экономикасына ықтимал қайта инвестициялау үшін жер учаскесін ресімдеуден бастап және объектілерді пайдалануға бергеннен кейін (пост-инвестициялық мониторинг/ сүйемелдеу) жобаларға байланысты барлық мәселелерді шешуге көмектеседі.

Сондай-ақ, Индустриалды парк жұмысының оң әсерін атап өткім келеді. Барлық инженерлік желілері бар дайын алаңды қамтитын №1 Индустриялық парк 598,1 га құрайды. Бүгінгі таңда №1 ЖК өнеркәсіптік объектілерінің инвестициялық портфелі 97 жобаны құрайды, олардың жалпы құны 310,4 млрд.теңге болған кезде нақты 265,76 млрд. теңге салынды. № 1 Индустриалды парк толығымен дерлік толы. Қатысушылардың төленген салықтарының арқасында инфрақұрылымды жүргізуге салынған бюджет қаражаты 23,9 млрд.теңге, 6,6 есе өтелді, салынған инвестициялар есебінен 1 бюджеттік теңгеге 7,6 теңге жеке инвестициялар тиесілі - бұл экономикалық тиімділікті растайды,- деп атап өтті спикер.

Қазір жалпы ауданы 433,1 га болатын 150 жобаға арналған осындай екінші саябақты құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыстың басталуы 2024 жылға, ал 1-кезектің басталуы 2025 жылға жоспарланған. Саябақ 10 негізгі кластерге бөлінеді, олар машина жасау, құрылыс индустриясы, ағаш өңдеу, металлургия, жеңіл, химия және тамақ өнеркәсібі, фармацевтика, акт және дайын өндірістік үй-жайлар. 150-ден астам инвестициялық жобаны орналастыру жоспарлануда. ЖК 2 резиденттері үшін преференциялар көзделген: кедендік баждар мен салықтардан босату, жер учаскесін өтеусіз қосалқы жалдау және ШЖК-ны квотадан тыс тарту мүмкіндігі.   

Сонымен қатар, біз аграрлық – индустриялық аймақ тетігін құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл жоба елорданың азық-түлік қауіпсіздігінің жүйелі мәселелерін шешуге арналған. Әзірге ол жобалық даму сатысында. Мақсаты-АӨК дамытуда драйвер бола алатын аграрлық – индустриялық аймаққа инвестициялар тарту-заманауи ауыл шаруашылығы технологияларын енгізуге мүмкіндік береді. Жоба 3 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 30-дан астам инвестициялық жобаны тартуды көздейді,- деді Т.Келдібаев.

 2023 жылдың басынан бастап әкімдік жалпы сомасы 124,7 млрд. теңгеге 31 инвестициялық жоба тартты және 33,1 млрд.теңгеге 12 инвестициялық келісімшарт жасалды.