00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада 8 базар заманауи форматқа көшеді

12 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада 8 базар заманауи форматқа көшеді
фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде  елордадағы сауда саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және тұтынушылардың құқықтарын қорғау тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info

Қалалық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрғали Егембердиев аталған салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін сақтау бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны реттеу бойынша іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді.

Спикердің айтуынша сәуір айынан бастап сауда үстемесін бұзудың 23 фактісі анықталды, олар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды және «ескерту» түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрінің тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылға дейін нарықтарды жаңғырту жөніндегі жол картасын орындау бойынша жұмысты үйлестіреді. Астана қаласы бойынша жобаның жалпы сомасы 29,4 млрд. құрайтын 3 базар жаңғыртылуға жатады, Олар Шанхай базары, Алтай базары, Ұлжан базары. Жаңғыртудың аяқталу мерзімі 2025 жылдың соңы.

Астанада 9 мамандандырылған базар бар, оның ішінде Алаш нарығы бүгінгі таңда қазіргі заманғы сауда форматының объектісі болып табылады. Соның ішінде Он-Олжа, ТПК Нұр, Мереке-Магнит, Эталон, Шарын, Сапа, Көкталдағы базар болашақта қазіргі заманғы сауда форматына көшуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «Шарын» мамандандырылған нарығы 2024 жылы аяқталу мерзімімен 2 кезеңде жаңғыртуды жоспарлап отыр. Қазір жалпы ауданы 2500 ш. м. болатын қойма,  үй-жайларының құрылысы басталды.

2023 жылғы 30 наурыздағы №32162 ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларына сәйкес сауда нарықтарын Smart QR жобасына қосу бойынша ауқымды жұмыс жүргіземіз. Қазіргі уақытта жүйеге «Астаналық базар» және «Әсем» базарлары қосылған. Сауда қызметінің қалған субъектілерін қосу бойынша жұмыс жалғасуда,-деді Н.Егембердиев

Ағымдағы жылдың басынан бастап Департаментке тұтынушылар 2579 өтінішпен жүгінген. еOtinish платформасы және электрондық үкімет порталы арқылы - 1196 өтініш түсті.  900-ге түсініктеме берілді, оның ішінде 109 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органға жіберілді, 120 өтініш келесі айға ауыстырылды, 150 жағдайда тұтынушылардың мәселесі реттелді, тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтару сомасы - 26,8 млн теңгені құрады.

Telegram Bot арқылы 448 өтініш келіп түсті. Азаматтарды жеке қабылдау барысында 340-тан астам тұтынушы қабылданды, 313 жағдайда тұтынушылардың өтініштері жұмысқа тіркелді. Қабылданған өтініштердің 118-і бойынша түсініктемелер берілді, 40 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органға жіберілді. Жедел желі телефонына тұтынушылардың 475-тен астам қоңырауы келіп түсті, әрбір сұраққа түсініктеме мен маманның сауатты кеңесі  берілді.

Осылайша, қайтарудың жалпы сомасы, жартыжылдықта - 13, 790 млн.теңге, шілде айында -15,517 млн. теңге, тамыз айында-26,892 млн. теңге.

Тұтынушыларды ақпараттандыруды, консультация беруді және ағартуды жүзеге асырамыз. Мамандар жедел желі телефоны бойынша кеңес береді, шағым хаттарын жасауға көмек көрсетеді. Халық үніне құлақ асатын мемлекет аясында Департамент Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде посттар жариялайды. Сонымен қатар, тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін қаланың барлық кәсіпкерлерін «е-tutynushy» бірыңғай ақпараттық жүйесіне тіркелуге шақырамын,-дейді департамент басшысы.