00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада 50 мың текше метрден астам қар шығарылды

22 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада 50 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Өткен түнде елорда көшелерінен 50 мың текше метрден астам қар шығарылды, осы мақсатта 3 585 жүк рейсі жасалды.

Астанада 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 600-ге жуық арнайы техника қар күреуге жұмылдырылды, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан 335 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 24 363 ауыр жүк көлігіне тең.