00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада 452 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға бейімделді

22 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада 452 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға бейімделді
Фото: дереккөз

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Астанада 574 әлеуметтік инфрақұрылым нысан бейімделді, деп хабарлады Elorda.info.

Оның ішінде 452 нысан ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай сәйкестендірілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Астана қаласында 5 жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1 290 нысанды бейімдеу көзделген. Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдар аралығында бейімделуге жоспарланған 778 нысанның 574-інде жергілікті атқарушы органдар бейімдеу шараларын жүргізді.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті жүргізген бақылаудан кейінгі тексерулер барысында жоғарыда аталған нысандардың 452-сінің толық бейімделгені расталды.

122 нысан ішінара бейімделген деп танылды, олар бойынша 868 бұзушылық анықталды: есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 215; көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 215; тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 214, кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 224.

Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін тағы 204 нысанды бейімдеу жоспарлануда.

Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде департамент мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т.б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 27 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар беріліп, 2,8 млн теңгеге 15 әкімшілік айыппұл салынды.