00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада 10 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

Астанада 10 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады
Коллаж: Elordainfo.kz

Биыл бірыңғай ұлттық тестілеу бес рет өткізіледі. Оған 10 мыңнан астам түлек қатысады. Бұл туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасының жалпы орта білім беру мазмұны мен әдістемесі бөлімінің басшысы Асыл Аманкелдиева айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Басқарма басшысы ҰБТ 18 қаңтардан 10 ақпанға дейін; 1-31 наурыз аралығында; 10-20 тамыз аралығында ақылы оқуға; 16 мамырдан 5 шілдеге дейін грантқа тапсырылатынын еске салды.

Осылайша, ҰБТ-ның 11 132 түлегінің 10 870-і тапсырады. Қаңтардан наурызға дейін 10 892 түлек тестілеуден өтті.

Естеріңізге сала кетейік, талапкерлер тестілеуді екі рет тапсыра алады, екі сертификат та жарамды және ең жақсы нәтижемен грантқа таласуға болады.

Айта кету керек, негізгі ҰБТ кезеңінде тестілеу орталықтарында қоғамдық тәртіпті қорғау, өрт қауіпсіздігі, жедел жәрдем кезекшілігі ұйымдастырылды. Сондай-ақ мемлекеттік комиссия мүшелері ауысыммен жұмыс жүргізуде.

Білім басқармасы мүгедектігі бар балаларға психологтармен қамтамасыз етуді және педагог-ассистенттермен (пән мұғалімдері болып саналмайтын) сүйемелдеуді ұйымдастырды.