00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада 1 600-ден астам жұмысшы жолдардың мұзын тазартады

5 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада 1 600-ден астам жұмысшы жолдардың мұзын тазартады
Фото: дереккөз

Астанада таңертеңнен бері жолдар мен тротуарлардың мұзын тазартуға 1 600-ден астам жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ қаланың барлық ауданында – қоғамдық орындарда, орамішілік аумақтарда, тротуарларда, аялдама павильондарында және т.б. орындарда құм-тұз қоспасын себу жұмысы жүргізілуде.

Оқыс жағдайға ұшырап, жарақат алмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қозғалыс ережелерін сақтауы керек.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астанада 5 желтоқсан күні қарлы боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді.