00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана прокурорлары 60 млн теңгенің жер учаскесін заңсыз сатудың жолын кесті

2 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астана прокурорлары 60 млн теңгенің жер учаскесін заңсыз сатудың жолын кесті
Фото: t.me/GenPr

Борышкер мемлекет алдындағы міндеттемеден жалтару мақсатында жеке сот орындаушының көмегімен жер телімін заңсыз иеліктен шығарған. Бұл туралы Elorda.info Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады. 

Прокурордың талап-арызы бойынша жер учаскесін сатып алу-сату шарты сотпен жарамсыз деп танылып, 60 млн.теңге көлемінде мемлекет мүддесі қорғалды.

Прокурорлық қадағалау актісімен сот орындаушының мүлікке қатысты шектеулерді шешу және мүлікті беру туралы қаулыларының күші жойылып, ол жауапкершілікке тартылды, - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.