«Астана айналма жолы» автожолында жөндеу жұмыстары басталды
25 маусым, 2024
Торғын Аман
фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ
25 маусымнан 28 маусымға дейінгі аралықта Р-10 «Астана айналма жолы» автомобиль жолының 46-53 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Elorda.info «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Бұл учаскеде ішінара жол қозғалысына шектеу қойылуына байланысты алдын ала айналма жолдар арқылы қозғалысты жоспарлауды ұсынамыз. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністік пен шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз», - делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ таратқан хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар