Алматы әкімі тұрғындарды қабылдады
30 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Elordainfo.kz
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Алматы ауданы тұрғындарын қабылдау бойынша Ашық есік күні өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараға келген 50-ден астам тұрғынды аудан әкімі Мақсат Саматұлы және аудан прокуроры Маратбек Мирзамуратов жеке қабылдады.
Сондай-ақ, келушілер өз сұрақтарына аудан әкімінің орынбасарларынан және қалалық басқармалардың, құқық қорғау органдарының, коммуналдық қызметтердің өкілдерінен жауап алды.
Айта кетейік, мұндай алаң әрбір тұрғында туындайтын мәселелерді шешу немесе өзге де құқықтық және әлеуметтік көмек алу үшін алдын ала жазылусыз жүгініп, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін, сапасын қамтамасыз етуге арналған.
Ұқсас жаңалықтар