Полицейлер ойын-сауық орындарына рейд жүргізді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Полицейлер ойын-сауық орындарына рейд жүргізді
ашық дереккөз

Тәртіп бұзушыларға ірі көлемде айыппұл салынады, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.   Нұр-Сұлтанда полицейлер ойын-сауық орындарына кезекті рейд жүргізді. 25-29 тамыз аралығында қалада "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. "Біздің басты мақсатымыз – құқық бұзушылық пен қылмыстың, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, сондай – ақ карантин шараларының сақталуын қамтамасыз ету", - деді Есіл аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Мадияр Айтуғанов. Полицейлер мен БАҚ өкілдері 23:00-ден кейін тексеруге шыққан. Айта кету керек, қазіргі уақытта ойын-сауық мекемелер жұмысына осындай кеш уақытта тыйым салынған. Рейд барысында полиция қызметкерлері шектеу шараларын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.