Нұр-Сұлтан қаласының мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан онлайн жарыс өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтан қаласының мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан онлайн жарыс өтті
ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, Нұр-Сұлтан қаласының мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан онлайн жарыс өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо Есіл ауданының әкімдігіне сілтеме жасап. Жарысқа Нұр-Сұлтан қаласының мектеп оқушылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ұйымдастырушылар алқасы диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапаттап, үйлеріне жеткізіп берді. Жарыс қорытындысы : Ұлдар арасында: 1 орын - Алихан Жумашев 2 орын - Берлик Балташев 3 орын - Жеңісхан Қабылбек 3 орын - Нұрхат Мақсат Қыздар арасында: 1 орын - Балнұр Ералы 2 орын - Арай Тұрарбек 3 орын - Балауса Ералы 3 орын - Аманжол Аружан Шараны "Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы әкімінің аппараты " ММ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ, "Нұр-Сұлтан қаласының тоғызқұмалақ Федерациясы" ұйымдастырған.