5-6 қыркүйектен бастап елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады – А.Көлгінов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
5-6 қыркүйектен бастап елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады – А.Көлгінов
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласында әр апта сайын өңірлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Qazaq радиосының «Басты тақырып» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. "Қыркүйек айының алғашқы демалысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін бастаймыз. Карантинге байланысты биыл болған жоқ. Жәрмеңкелер әдеттегідей «Хан Шатырдың» қасында өтеді. Сол сияқты әрбір аудандарда шағын нұсқалары ұйымдастырылады. Әр облыстың әкімдігімен келісім бойынша саудагерлері базардағы бағадан төмен құнмен сататын болады", деді қала әкімі Алтай Көлгінов. Қала басшысының сөзінше, елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері 5-6 қыркүйектен басталады. Бұл ретте әр өңірмен келісім бар екенін атап өтті елорда әкімі. Айта кетсек, бұған дейін эпидахуалдың нашарлауына байланысты елордада өңірлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілмеген болатын.