Елордалық медицина қызметкерлерінің 1-сыныпқа баратын балаларына 25 ноутбук сыйға берілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық медицина қызметкерлерінің 1-сыныпқа баратын балаларына 25 ноутбук сыйға берілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115542630085286.webp)
Бүгін Nur Otan партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы мен «BI Group» ЖШС бастауыш партия ұйымы елорданың денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің 1-сыныпқа баратын балаларына 25 ноутбукты табыс етті, деп хабарлайды Елорда Инфо аталған партияның елордалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Медицина қызметкерлерінің мектеп табалдырығын аттайтын балаларына барлығы 145 компьютерлік техника беріледі. «Баланы мектепке жинайық» акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласының 2,5 мыңнан астам көпбалалы және аз қамтылған отбасы Білім күні қарсаңында Nur Otan партиясының елордалық филиалынан көмек алады. 500 заманауи планшет пен кеңсе жабдықтарын сатып алуға 10 мың теңге сомасына 2000 арнайы сертификат табысталады. «17 тамызда алғашқылардың бірі болып «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы аясында «Баланы мектепке жинайық» республикалық акциясы басталды. Бұл күні біз планшеттер мен қажетті барлық мектеп жабдықтарымен қамтылған рюкзактардың алғашқы лебін ұсындық. Бізде әрбір аудандық филиал, әрбір бастауыш партия ұйымы халықтың әлеуметтік осал топтары санатына кіретін отбасыларға бекітілген", – деді Nur Otan партиясы елордалық филиалының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов. Оның айтуынша, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, сондай-ақ жетім балаларға осындай көмек күн сайын көрсетіледі. Көптеген өтініштер партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түседі. Көмектің басым бөлігі демеушілер тарапынан көрсетілуде. Мәселен, демеушілердің есебінен 20 млн тенгеден аса қаржыға планшеттер сатып алынады.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)