00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елордада жүгіру және веложарыстан спорттық іс-шара онлайн өтеді

14 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жүгіру және веложарыстан спорттық іс-шара онлайн өтеді
ашық дереккөз

Спорттық іс-шара таңғы сағат 06:00-ден 21:00 аралығында спортшыға ынғайлы уақытта өтеді. Сондай-ақ «STRAVA» қосымшасы арқылы нәтижесін көрсету негізінде жеңімпаз анықталатын болады.

Онлайн жарыс қорытындысы бойынша әуесқойлар мен ардагерлер арасында жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтармен, дипломмен және медальдармен марапатталады.

Айта кетейік, іс-шара кезінде COVID-19 вирусының таралмауының барлық санитарлық нормалары сақталады.

Іс - шараның мақсаты — бұқаралық спортты дамыту, Нұр-Сұлтан қаласында спортпен шұғылдануды насихаттау, «2025 жылға дейін ҚР Дене шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

Іс-шараны «Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру  және спорт басқармасы» ММ және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ ұйымдастырады.