Жамбыл облысында шөп астынан 100 кг марихуана анықталды

фото: polisia.kz
ІІМ «заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысының Шу қаласында шөп астынан 100 кг кептірілген марихуана табылды.
«Бұл қызметкерлердің бірі уақытша тұрған шаруа қожалығының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында анықталды. Жауап алу кезінде ол есірткінің шаруа қожалығының иесіне тиесілі екенін түсіндірді. Оның өзі бұған дейін Қарағандыда есірткі заттарын ірі көлемде сақтады және тасымалдады деген күдікпен ұсталған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің өкілі Медет Смағұлов.
Ұқсас жаңалықтар

21 қазан, 2025
Жамбыл облысында өз баласының бетінен ұрған ер адамға үкім шығарылды

21 қазан, 2025
«Қауіпті әзіл»: мектептерге бомба қойылғаны туралы жалған хабар таратқан жасөспірімдер ұсталды

21 қазан, 2025
Қазақстанның шығысында алтын өндіру үшін өзен арнасын өзгерткен

21 қазан, 2025
Семейде құлаққаппен телефонға қарап келе жатқан жігітті пойыз қағып кетті