00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

«Бек Эйр» компаниясының жолаушыларына билет құнын қайтаруға қатысты кезекті сот отырысы 13 қазанда өтеді

14 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Бек Эйр» компаниясының жолаушыларына билет құнын қайтаруға қатысты кезекті сот отырысы 13 қазанда өтеді
ашық дереккөз

Қазіргі уақытта Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотымен үшінші талап қаралуда, онда Комитет 482 адамның мүддесін білдіреді (30 млн.теңгеден астам сомаға 845 билет). 2020 жылғы 2 қазандағы сот отырысы барысында істі жан-жақты және объективті қарау үшін Комитет соттан жауапкерден жазбаша дәлелдемелерді талап етуге, прокурорды, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ның уәкілетті ұйымын, билет сату жөніндегі агенттерін, сондай-ақ Комитет мүдделерін білдіретін азаматтарды сотқа қатысуға тарту туралы өтініш білдірді. Алайда бұл өтініштерді сот қолдамады және қабылдамады. Сонымен қатар, Комитет заңнамалық шеңберде тұтынушылардың қаражатын қайтаруы бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады. Келесі сот отырысы 2020 жылғы 13 қазанда сағат 15:00-ге тағайындалды.